Фолликулин в растворе — инструкция по применению

Инструкция по применению фолликулина в растворе, описание действия препарата, показания к применению раствора фолликулина, взаимодействие с другими лекарствами, применение фолликулина (раствор) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Фолликулин-Здоровье
Международное название: Эстрон
Лекарственная форма: Раствор для инъекций масляный 0,1 %
Показания к применению:
Атс классификация:
G Средства, влияющие на мочеполовую систему и половые гормоны
G03 Гормоны половых желез и препараты, применяемые при патологии половой сферы
G03C Эстрогены
G03C A Простые препараты природных и полусинтетических эстрогенов
G03C A07 Эстрон
Фарм. группа:
Половые гормоны. Эстрогены. Природные и полусинтетические эстрогены. Эстрон. Код АТХ G03CA07
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте при температуре от 8 ºС до 15 ºС. Не замораживать. В случае выпадения кристаллов, содержимое ампулы перед инъекцией нагревать на кипящей водяной бане от 15 до 20 мин. Если кристаллы исчезнут и раствор станет прозрачным, а при охлаждении до (37±1) ºС кристаллы не выпадут вновь, препарат пригоден к применению. Хранить в недоступном для детей месте.
Срок хранения:
5 лет. Не использовать препарат по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Прозрачный маслянистый раствор светло-желтого цвета.

Состав фолликулина в растворе

1 мл раствора содержит
1 мл ерітіндінің құрамында

Активное вещество фолликулина

эстрона 1 мг
эстрон 1 мг

Вспомогательные вещества в фолликулине

масло персиковое
шабдалы майы

Показания к применению раствора фолликулина

Состояния, обусловленные недостаточной функцией яичников:
  • первичная и вторичная аменорея
  • гипоплазия половых органов и недостаточное развитие вторичных половых признаков
  • климактерические и посткастрационные расстройства
  • бесплодие, обусловленное снижением эстрогенной функции яичников
  • слабость родовой деятельности
  • переношенная беременность
Аналық бездер қызметінің жеткіліксіздігінен болатын жағдайларда:
  • алғашқы және салдарлық аменореяда
  • жыныс ағзаларының гипоплазиясында және салдарлық жыныстық белгілер толық дамымағанда
  • климактериялық және кастрациядан кейінгі бұзылуларда
  • аналық бездің эстрогендік қызметінің төмендеуінен болатын бедеулікте
  • босану қызметі әлсіз болғанда
  • мерзімі асып кеткен жүктілікте

Противопоказания фолликулина в растворе

  • повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
  • рак молочной железы (диагностированный, подозреваемый или в анамнезе)
  • рак эндометрия (диагностированный, подозреваемый или в анамнезе)
  • нелеченная гиперплазия эндометрия, доброкачественные новообразования половых органов и молочной железы, мастопатия
  • воспалительные заболевания женских половых органов
  • вагинальные и маточные кровотечения неясной этиологии, предрасположенность к маточным кровотечениям
  • гиперэстрогенная фаза климактерического периода
  • печеночная и/или почечная недостаточность, активные заболевания или недавно перенесенные заболевания печени, если показатели функ-ции печени не вернулись к нормальным
  • тромбофлебит и рецидивирующие тромбоэмболии в анамнезе
  • беременность (за исключением слабости родовой деятельности и переношенной беременности)
  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
  • сүт безінің обыры (анықталған, күдік туғызған немесе сыртартқыдағы)
  • эндометрий обыры (анықталған, күдік туғызған немесе сыртартқыдағы)
  • емделмеген эндометрий гиперплазиясы, жыныс ағзаларындағы және сүт бездеріндегі қатерсіз жаңа түзілімдер, мастопатия
  • әйелдің жыныс ағзаларының қабыну аурулары
  • этиологиясы анық емес қынаптық және жатырлық қан кетулер, жатырлық қан кетуге бейімділік
  • климактериялық кезеңінің гиперэстрогендік фазасы
  • бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, бауырдың белсенді аурулары немесе жуық арада болған бауыр аурулары, егер бауыр қызметінің көрсеткіштері қалыпты күйге оралмаса
  • тромбофлебит және сыртартқыда қайталанған тромбоэмболиялар
  • жүктілік (босану қызметінің әлсіздігін және мерзімі асып кеткен жүктілікті қоспағанда)

Побочные действия раствора фолликулина

  • головная боль, головокружение, мигрень, депрессия, изменение на-строения, судороги мышц ног
  • снижение толерантности к контактным линзам
  • тошнота, рвота, вздутие и боль в животе
  • при длительном применении застойная желтуха, нарушение обмена натрия, кальция и воды
  • изменение массы тела, уровня липидов крови, нарушение толерантности к глюкозе
  • эритропения, повышение риска тромбоэмболических заболеваний
  • изменение либидо, хлоазма (мелазма), увеличение и болезненность молочных желез, предменструальный синдром, повышение риска развития рака молочной железы, гиперплазия эндометрия, повышение риска развития рака эндометрия, вагинальный кандидоз, при длительном применении − маточные кровотечения, склероз яичников
  • аллергические реакции, сыпь на коже, отек век
  • бас ауыру, бас айналу, бас сақинасы, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі, аяқ бұлшықеттерінің құрысуы
  • жанаспалы линзаға төзімділіктің төмендеуі
  • жүректің айнуы, құсу, іштің желденуі және ауыруы
  • ұзақ уақыт қолданған кезде іркілген сарғаю, натрий, кальций және су алмасудың бұзылуы
  • дене салмағының, қан липидтері деңгейінің өзгеруі, глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
  • эритропения, тромбоэмболиялық аурулар қаупінің жоғарылауы
  • либидоның өзгеруі, хлоазма (мелазма), сүт бездерінің ұлғаюы және аурушаңдығы, етеккіралды синдромы, сүт безі обырының пайда болу қаупінің жоғарылауы, эндометрий гиперплазиясы, эндометрий обырының пайда болу қаупінің артуы, қынаптық кандидоз, ұзақ қолданған жағдайда – жатырдан қан кету, аналық бездердің склерозы
  • аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, қабақтың ісінуі

Особые указания к применению

Лечение препаратом проводится под наблюдением врача. С осторожностью назначают препарат при артериальной гипертензии, перенесенных тромбоэмболических заболеваниях, эпилепсии, депрессии (в т. ч. в анамнезе), заболеваниях желчного пузыря, отосклерозе. Перед началом применения препарата следует пройти тщательное общемедицинское и гинекологическое обследование, включая исследование молочных желез. Подобные исследования необходимо проводить каждые 6 месяцев лечения.

Пациенты с имеющимися до начала лечения такими состояниями как лейомиома, сахарный диабет, холелитиаз, мигрень, астма требуют тщательного медицинского наблюдения в течение приема лекарственного средства. При острых нарушениях зрения и слуха, остром тромбозе, при появлении признаков флебита, застоя желчи или гепатита применение препарата необходимо прекратить. При значительном повышении артериального давления, появлении мигренеподобной головной боли препарат необходимо отменить.

С осторожностью применять при наличии таких заболеваний, как сис-темная красная волчанка, порфирия, при длительной иммобилизации, во время серьезных хирургических вмешательств. Препарат не следует смешивать с другими лекарственными средствами в одном шприце.

Применение в педиатрии
В детском и подростковом возрасте (до окончания роста костей) препарат следует применять с осторожностью из-за возможности развития нарушений костной системы.

Применение в период беременности и лактации
При беременности и в раннем послеродовом периоде применение пре-парата прекращают. При необходимости применения препарата в период лактации следует прекратить кормление грудью.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством и потенциально опасными механизмами
Во время лечения рекомендуется соблюдать осторожность при управлении транспортными средствами и выполнении потенциально опасных видов деятельности из-за возможности развития головокружения.
Препаратпен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізіледі. Препаратты артериялық гипертензияда, болып өткен тромбоэмболиялық ауруларда, эпилепсияларда, депрессияда (соның ішінде сыртартқыдағы), өт қабы ауруларында, отосклерозда абайлап тағайындайды. Препаратты қолданар алдында сүт бездерін тексеруді қоса есептегенде жан-жақты жалпы медициналық және гинекологиялық тексерулерден өткен жөн. Осыған ұқсас зерттеулерді әрбір 6 ай сайынғы ем кезінде жүргізу қажет. Емге дейін лейомиома, қант диабеті, холелитиаз, бас сақинасы, демікпе сияқты аурулары бар емделушілер дәрілік затты қабылдау кезеңі ішінде жан-жақты медициналық бақылауды қажет етеді.

Көру мен естудің жедел бұзылуларында, жедел тромбозда, флебит, өттің іркілуі немесе гепатит белгілері пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату қажет. Артериялық қысым едәуір жоғарылағанда, бас сақинасына ұқсас бас ауыру пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет. Жүйелік қызыл жегі, порфирия сияқты аурулар бар болған жағдайда, ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалғанда, күрделі хирургиялық араласымдарда абайлап қолдану керек. Препаратты бір еккіште басқа дәрілік заттармен араластырмаған жөн.

Педиатрияда қолданылуы
Балалық және жасөспірімдік шақта (сүйектің өсуі аяқталғанда) сүйек жүйесінің қызметінің бұзылуы мүмкін болғандықтан, препаратты сақтықпен қолданған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілікте және босанғаннан кейінгі ерте кезеңде препаратты қолдануды тоқтатады. Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.

Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде бас айналудың пайда болуы мүмкін екендігіне байланысты көлікті басқарғанда және қауіпті қызмет түрлерін орындағанда сақ болу керек.

Дозировка и способ применения

Назначают внутримышечно. Дозу устанавливают индивидуально.

Первичная аменорея с недоразвитием половых органов и вторичных половых признаков. Назначают по 1-2 мл ежедневно или через день в течение 1-2 месяцев и более (до заметного увеличения матки). Затем назначают прогестерон (внутримышечно, 5 мг ежедневно в течение 6-8 дней). При необходимости курсы гормонотерапии повторяют.

Вторичная аменорея. Назначают по 1 мл ежедневно в течение 15-16 дней с последующим назначением прогестерона в течение 6-8 дней. При отсутствии стойкого эффекта курс лечения повторяют.

Бесплодие, обусловленное снижением эстрогенной функции яичников. Назначают после окончания менструации по 0,5-1 мл ежедневно в течение 15-16 дней, затем, при наличии показаний, назначают прогестерон в течение 6-8 дней. Курс лечения можно повторять в те же самые сроки после окончания менструаций.

Функциональные нарушения, обусловленные наступлением климактерического периода и овариэктомией (депрессия, ангионевротические расстройства и др.). Назначают по 0,5-1 мл ежедневно или через 1-2 дня курсами по 10-15 инъекций. Курс лечения повторяют при возобновлении симптомов. Дозы при этом следует подбирать строго индивидуально (необходим подбор минимальных эффективных доз) в зависимости от фазы климактерического периода, выраженности симптоматики.

Слабость родовой деятельности и переношенная беременность. Назначают по 4-5 мл за 2-3 часа до применения родостимулирующих средств.
Бұлшықет ішіне тағайындайды. Дозаны әр адамға жекелей белгілейді.

Жыныс ағзалары және салдарлық жыныс белгілері толық дамымаған алғашқы аменорея. 1-2 ай және одан да көп уақыт бойы (жатыр едәуір үлкейгенге дейін) күн сайын немесе күнара 1-2 мл-нан тағайындайды. Содан кейін прогестерон тағайындайды (6-8 күн бойы бұлшықет ішіне күн сайын 5 мг). Қажет болған жағдайда гормонмен емдеу курсын қайталайды.

Салдарлық аменорея. 15-16 күн бойы күн сайын 1 мл-ден тағайындайды, кейін 6-8 күн бойы прогестерон тағайындайды. Тұрақты әсер болмаған жағдайда емдеу курсын қайталайды.

Аналық бездердің эстрогендік қызметінің төмендеуінен болған бедеулік. Етеккір аяқталғаннан кейін 15-16 күн бойы күн сайын 0,5-1 мл-ден тағайындайды, содан кейін көрсетілімдері бар болған жағдайда 6-8 күн бойы прогестерон тағайындайды. Емдеу курсын етеккір аяқталғаннан кейін жоғарыда айтылған мерзімдегідей қайталауға болады.

Климактериялық кезеңінің басталуы және овариэктомия себепші болатын функционалдық бұзылулар (депрессия, ангионевротикалық бұзылулар және басқалар). Күн сайын 0,5-1 мл-ден немесе 1-2 күннен кейін 10-15 инъекциялық курс тағайындайды. Емдеу курсын симптомдар қайта пайда болған жағдайда қайталайды. Мұндайда дозаларды климактериялық кезеңінің сатысына, симптоматикасының айқындылығына байланысты қатаң түрде жекелей таңдаған жөн (тиімді ең төмен дозаны таңдап алу қажет).

Босану қызметінің әлсіздігі және мерзімі асып кеткен жүктілік. Босануды стимуляциялайтын дәрілерді қолданудан 2-3 сағат бұрын 4-5 мл-ден тағайындайды.

Взаимодействие с лекарствами

Усиливает действие гипохолестеринемических, антиаритмических, ги-потензивных средств, диуретиков, антикоагулянтов, трициклических антидепрессантов, глюкокортикоидов, гормонов щитовидной железы. Действие эстрона усиливают фолиевая кислота и препараты щитовидной железы, ослабляют – антиэстрогенные лекарственные средства (кломифен и др.), применяемые для лечения бесплодия, фенобарбитал, рифампицин и другие индукторы монооксигеназ. Концентрацию препарата в крови снижают ампициллин, левомицетин, тетрациклин, неомицин, сульфаниламиды; повышает – аскорбиновая кислота.
Гипохолестеринемиялық, антиаритмиялық, гипотензиялық дәрілердің, диуретиктердің, антикоагулянттардың, үшциклдік антидепрессанттардың, глюкокортикоидтардың, қалқанша без гормондарының әсерін күшейтеді. Эстронның әсерін фолий қышқылы және қалқанша без препараттары күшейтеді, бедеулікті емдеу үшін қолданылатын эстрогенге қарсы дәрілік заттар (кломифен және басқалары), фенобарбитал, рифампицин және басқа да монооксигеназа индукторлары әлсіретеді. Ампициллин, левомицетин, тетрациклин, неомицин, сульфаниламидтер қандағы препарат концентрациясын төмендетеді; аскорбин қышқылы арттырады.

Передозировка фолликулином в растворе

Симптомы: усиление головной боли, тошноты; при длительном применении − маточное кровотечение.

Лечение: симптоматическое.
Симптомдары: бас ауыру, жүректің айнуы күшейеді; ұзақ уақыт қолданғанда − жатырлық қан кету.

Емдеу
: симптоматикалық.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После внутримышечного введения препарата высокий уровень эстрона в плазме крови сохраняется в течение 4-5 дней. Метаболизируется преимущественно в печени (частично - в легких, жировой ткани), экскретируется с желчью, в кишечнике реабсорбируется и вновь поступает в печень через портальную систему. Выводится в виде конъюгатов, в основном почками. Скорость выведения зависит от физиологического состояния (беременность, фазы овариально-менструального цикла), возраста и других факторов.
Препаратты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы эстронның жоғары деңгейі 4-5 күн бойы сақталады. Көбіне бауырда метаболизденеді (ішінара – өкпелерде, май тіндерінде), өтпен бірге шығарылады, ішекте кері сіңеді және портальді жүйе арқылы бауырға қайтадан түседі. Конъюгаттар түрінде, негізінен бүйректер арқылы шығарылады. Шығарылу жылдамдығы физиологиялық жағдайға (жүктілікке, овариальді-етеккір оралымының фазасына), жасқа және басқа да факторларға байланысты.

Фармакодинамика

Фолликулин-Здоровье – эстрогенное средство, стимулирующее развитие матки и вторичных половых признаков при их недоразвитии. Эстрон – естественный фолликулярный гормон, регулирует нормальное развитие женской репродуктивной системы, образуется в яичниках с наступлением полового созревания до наступления климактерического периода. Действие опосредовано через эстроген-чувствительные рецепторы половых органов, молочных желез, гипоталамуса и гипофиза.

Проявляет специфический эстрогенный эффект – стимулирует пролиферацию эндометрия (в маточных трубах, шейке матки, влагалище, наружных половых органах, выводящих протоках молочных желез), развитие матки и вторичных женских половых признаков при их недоразвитии, устраняет или уменьшает выраженность нарушений, возникающих в организме женщины в связи с недостаточной функцией половых желез в климактерическом периоде или после гинекологических операций. Совместно с прогестероном участвует в регуляции менструального цикла и репродуктивной функции.

В малых дозах активизирует секрецию фолликулостимулирующего гормона, в больших – угнетает ее, а также задерживает воду и ионы натрия в организме, угнетает эритропоэз. Проявляет гипохолестеринемическое действие, улучшает утилизацию глюкозы, повышает чувствительность периферических тканей к инсулину.
Фолликулин-Здоровье – толық дамымаған жатырдың және салдарлық жыныстық белгілердің дамуын стимуляциялайтын эстрогендік дәрі. Эстрон – табиғи фолликулярлы гормон, әйелдің ұрпақ өрбіту жүйесінің қалыпты дамуын реттейді, жыныстық жетілу басталғаннан климактериялық кезеңі басталғанға дейін аналық безде түзіліп отырады. Әсері жыныс мүшелерінің, сүт бездерінің, гипоталамустың және гипофиздің эстрогенге сезімтал рецепторлары арқылы жүзеге асады.

Арнайы эстрогендік әсер береді – эндометрий пролиферациясын (жатыр түтіктерінде, жатыр мойнында, қынапта, сыртқы жыныс ағзаларында, сүт бездерінің сыртқа шығаратын жолдарында), толық жетілмеген жағдайда жатырдың және салдарлық жыныстық белгілердің дамуын стимуляциялайды, климактериялық кезеңде немесе гинекологиялық операциялардан кейін жыныс бездері қызметінің жеткіліксіз болуына байланысты әйел организмінде пайда болатын бұзылулардың айқындылығын жояды немесе азайтады. Прогестеронмен бірге етеккір оралымын және ұрпақ өрбіту қызметін реттеуге қатысады.

Аз дозаларда фолликуланы стимуляциялайтын гормон секрециясын стимуляциялайды, үлкен дозаларда оны тежейді, сондай-ақ организмде суды және натрий иондарын іркіп қалады, эритропоэзді тежейді. Гипохолестеринемиялық әсер береді, глюкозаның утилизациясын жақсартады, шеткергі тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады.

Упаковка и форма выпуска

По 1 мл в ампулы из стекла. По 10 ампул вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках и диском режущим керамическим помещают в картонную коробку с перегородками. Допускается при упаковке препарата в ампулы с кольцом излома диск режу-щий керамический не вкладывать.
Шыны ампулаларда 1 мл-ден. Ішінде пердесі бар картон қорапқа 10 ампула медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискісімен бірге салынған. Сындыратын сақинасы бар ампуладағы препаратты қаптаған кезде кесетін керамикалық дискіні салмауға болады.